«Өнерліге – өріс кең» деп бекер айтылмаған. Тіпті қазіргі карантин шаралары да өнерлі жандарға еш тұсау болмақ емес. Жақында Алматы қаласында «Өнерлі елдің өресі биік» атты VІ республикалық ата-әжелер байқауы өткізілген-ді. Онлайн байқауға «Елім-ай» әжелер ансамблі де қатысып, өз өнерлерін жұртшлыққа паш етті. Олар «Хормен ән салу» бөлімі бойынша І орынды жеңіп алды.
«Шалқар» қазақ радиосының продюсері Гүлмира Нәлібайдың ұйымдастыруымен «Мереке» ән-би байқауына еліміздің әр түкпіріндегі жүздеген өнерлілер бақ сынап, жарысқа түскен. Нәтижесінде «Елім-ай» әжелері ансамблінің мүшелері Қалима Еслямова, Гүлсара Бекениязова, Тұрсын Қарабалиева, Алтын Жарманова, Қойсын Мұхамбетчина және ансамбль жетекшісі Талшын Тажкенова топ жарып, мерейлері асқақтады.
А.Муса,
Шыңғырлау ауданы
zhaikpress.kz