26.11.2018, 11:15
Оқылды: 75

Шыңғырлаулық қариялар бата беруден жарысты

Шыңғырлау ауданында аталар арасында «Ата сөзі – бата сөзі» аудандық байқауы өткізілді. Сахна төріне әр округ бойынша 8 қария шығып, бата беруден жарысқа түсті.

bata soz (4)

Байқауда 60-70 жастағы қариялар ең алдымен өздерін өлеңмен таныстырып өтті. Сөз сабақтау, ел есіндегі баталарды жатқа айту, өздері шығарған баталарын айтып, өнерлерін ортаға салды. Нәтижесінде қазылар алқасының шешімімен бірінші орынды Шыңғырлау ауылының ақсақалы 70 жастағы Орзалы Едресов  қанжығасына байлады. Ал екінші орынды Алмаз ауылынан келген Жұмағожа Сиясингужин және Ақшат ауылының тұрғыны Алпысбай Сарыбаев иемденді. Байқауға келіп, өнерлерін көрсеткен өзге конкурсанттар да бұл күні дипломдармен сыйлықтарға ие болды.

Айсұлу АРЫСТАНОВА,

Шыңғырлау ауданы

zhaikpress.kz

 

bata soz (2) bata soz (7)

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтары біздің Instagram және Telegram-парақшамызда. Жазылыңыздар!

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале