21.03.2025, 0:00
Оқылды: 108

Шыңғырлаулық кейуана 90 жасқа толды

Наурыз мерекесі қарсаңында Шыңғырлау ауданы Ащысай ауылдық округінің тұрғыны Факатнур Валиева мерейлі 90 жасқа толып отыр.

483525814_2085285161883241_2524961186850921222_nОсындай елеулі қуанышқа орай, сондай-ақ Рамазан айының қарсаңында округ әкімі Жасқайрат Айсиев ауыл үлкенінің үйіне газ кіргізуге атсалысты. «ALAN BATYS GAZ» ЖШС-нен Андрей Артемьев есімді маманды жалдап, қаржылай көмек көрсетіп, қарияның үйіне жылу кіргізіп берді. Кейуананы мерейлі жасымен құттықтап, құрмет көрсетіп, алғысы мен батасын алды.

Факатнур Гельмутдинқызы 1935 жылы 16 наурызында Жамбыл облысында дүниеге келген. 7 бала тәрбиелеп өсірген. Кезінде кірпіш зауытында, кейін Ащысай ауылындағы балабақшада тәрбиеші болып зейнет жасына дейін жұмыс жасаған. Өмірдің ашысы мен тұщысын көрген ол бүгінгі еліміздегі мамыражай тірлікке, ауылдастарының ауызбіршілігі мен қамқорлығына дән риза. Өзінің жағдайын ойлап, үйіне жылу өткізіп берген ауылдағы жанашыр  азаматтарға деген алғысы да шексіз.

-Ауылымыздағы жасы ұлғайған қарияларға көмек-қолдау көрсету біздің парызымыз. Осыған дейін ауылымыздағы 7 мұқтаж тұрғынның үйіне көгілдір отын кіргізіп бергенбіз. Қолымыздан келгенше қарайласып, хал-жағдайын біліп, өтініштерін аяқсыз қалдырмауға тырысамыз,-дейді Ащысай ауылдық округінің әкімі Жасқайрат Айсиев.

 

Гүлшат Ботанова

Шыңғырлау ауданы

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале