22.03.2025, 18:30
Оқылды: 548

Шыңғырлаулық Нұрасыл Қазақстан чемпионы атанды

Шымкент қаласында өтіп жатырған әскери самбодан жастар арасында Қазақстан Республикасының чемпионатында 64 келі салмақ дәрежесінде Нұрасыл Қылышбаев жеңімпаз атанды деп сүйіншілейді Шыңғырлау ауданына, қала берді облыс, республика, әлемге танымал, ардақты спортшы Қайсар Құсайынов.

нұрасыл

Шыңғырлау ауданы Ақшат ауылының тумасы Нұрасыл бүгінде М.Өтемісұлы атындағы
БҚМУ-нің II курс студенті. Ол күрестің алғашқы әліппесін Шыңғырлау аудандық БЖСМ-де дзюдо бөлімінде жаттығудан бастаған еді. Келе елімізге танымал бапкер Бағдад Сариевтан тәлім-тәрбие алып, шыңдалды. Бүгінгі таңда оны танымал бапкер ҚРЕСШ Райбек Мендіғалиев, жоғары санатты жаттықтырушы Нұфтолла Түменов, әскери самбодан әлем чемпионы Темірлан Иқсанғалиев жаттықтыруда.
Нұрасылдың спорт әлеміндегі жолдары нұрлы болсын дейміз.

Гүлшат Ботанова
Шыңғырлау ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале