Алматы қаласында 24-32 жас аралығындағы әйелдер арасында Президенттік тестілеу кезеңінің чемпионаты өз мәресіне жетті.
Осы чемпионатқа аудан, облыс намысын қорғап жүрген Оксана Рудь көптің сенімін ақтаймын деп аттанған еді. Жанкүйерлерінің үмітін үзбей Оксана қыз Президенттік тестілеуден жүлделі ІІ орынға, ал күш гимнастикасы бойынша жүлделі ІІІ орынды иеленді.
Осы кезең бойынша күштік гимнастика, оқ ату және жүгіруден жалпы командалық есепте облыс спортшылары жүлделі ІІІ орыннан көрінді.
Республика көлемінде осындай жетістікке жетуде Оксана Рудьтің де үлесі бар екендігі шыңғырлаулықтар үшін зор мақтаныш.
Гүлназ Мұқан
Шыңғырлау ауданы