Шыңғырлау ауданы Ақтау ауылының тұрғындары үшін қар тазалау шешілген мәселе. Еркін сияқты ауылдастың арқасында көшелер тап-таза. Ол қары қалың жерлерді өзі ойлап тапқан қар тазалағыш техникамен тазалап жүр.
Бұрын темір жонушы, дәнекерлеуші болған Еркін Айманғалиев ауыл шаруашылық техникаларының ескі бөлшектерінен қар тазалағыш құрастырып шығарған.
- Еркін – қолы шебер жан. «Ернар» шаруа қожалығының жетекшісі. Бір жылдары қырманда жатқан бидай тазалағышты әкеліп бергенмін. Ағамыздың іске жарамды техника ойлап табарына сенімді болдым. Міне, биыл жауған қалың қарда осы техниканың пайдасын халық көріп отыр,-дейді Ақтау ауылдық округінің бұрынғы әкімі, қазір аудандағы кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлімі басшысының орынбасары Рустем Еслямов.
Көбі қызықтап қарайтын шебердің бұл туындысы ауылдастары үшін үлкен көмек, техника тапшы ауылға таптырмас құрал болды.
Айсұлу Амангелдіқызы,
Шыңғырлау ауданы
© zhaikpress.kz
Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram және Telegram парақшамыздан алғашқы болып біліңіздер