10.03.2024, 16:30
Оқылды: 70

Шыңғырлаулық шаруа отбасылық кәсіпті дөңгелетуде

Шыңғырлау ауданында ашылған ауылшаруашылық құрылымдарының қатарында «Ақсоғым» шаруа қожалығын атап өтуге болады. Шаруашылық басшысы Қанат Усманғалиев 2013 жылы кәсібін ашқанда қолда небәрі 28 шақты ірі қара болатын. Бүгінде мал санын 50 жылқы, 150 сиырға көбейтіп отыр. Олардың қатары ағымдағы жылы 71 бұзаумен толықты.

қыстақ1

Мал тұқымын көбейтумен қатар, асылдандыру мақсатында 4 асыл тұқымды бұқа сатып алса, алдағы уақытта тағы да 2 бұқа алуды жоспарлап отыр. Жыл сайын еркек баспақтарды «Тера» мал бордақылау пунктіне тапсырады.

«Келісіп пішкен тон келте болмас» дегендей, отбасының қолдауы, бауырларының көмегімен бейнеті көп мал шаруашылығының берекесін келтіріп, қолға алған кәсібін өрге өрлетіп отырған Қанат Яқшығалиұлы жаздай шаруашылыққа тиесілі 2000 га шабындық, егістік жердің шөбін шауып-жинап, малдың қыстан қоңды шығуына баса мән береді. Мемлекет ұсынған бағдарламаларды да тиімді пайдаланып жүр. Сонымен қатар, «КазАгроФинанс» АҚ несиелік корпарация мекемесі арқылы бүгінгі күнге дейін лизинигпен 4 жаңа тракторды тіркемесімен, 1 КамАЗ машинасын, 2 пресс жинағыш, 3 шқп орғыш, 4 тырма сатып алған.

«Еңбек түбі – береке» демекші маңдай тер, қажырлы еңбектерінің жемісін көріп отырған Усманғалиевтер отбасы ауданымыздың әлеуметтік-экономикалық дамуына сүбелі үлес қосып келе жатыр. Жыл сайын мұқтаж жандарға қарайласып, қайырымдылық жасауда да көпке үлгі болуда.

Қанат Усманғалиев жұбайы Алтыншаш екеуі бір ұл, бір қыз тәрбиелеп отыр. Қызы Сәуле аудандық ауруханада медбике болып жұмыс жасаса, ұлы Дәулет - Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің студенті.

Аслан Аманбаев,

Шыңғырлау ауылдық округінің бас маманы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале