Шыңғырлау ауылдық округінің әкімі Саида Бркенова тыл ардагері Ізім Кужиев ақсақалдың шаңырағына арнайы барып, 90 жасқа толуына орай аудан әкімі Мұрат Өмірәлиевтің құттықтау тілегін жеткізді.

Айтулы күні тыл ардагерінің еселі еңбегі туралы аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Сағынғали Имашев атап өтті. Қазыналы қариямыз 90 жастағы Ізім ақсақал осылай елеп-ескеріп, үлкендерді сыйлай білген аудан басшысының кішіпейілділігіне дән риза болып, еңбегіне жеміс тіледі.
С.Өсәлім,
Шыңғырлау ауданы