Шыңғырлау ауданының әкімі А.Есалиев бастаған шыңғырлаулықтар «ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесін тамашалауға Астана қаласына аттанды.
Жолаушыларға игі тілектерін арнаған зейнеткер С.Имашев, Шилі орта мектебінің оқушысы С.Қуанышкереевтер де ЭКСПО-ны тамашалап, еліміздің жарқын жақсылықтарын көру бәріміз үшін үлкен қуаныш, мәртебе деді.
Айта кеткен жөн, бұған дейін Астанаға 80 адам жолға шықса, бұл күні 250 адам көрмеге аттанды. Ал қалған шыңғырлаулықтар 4-10 маусым күндері бас қалаға аттанбақ.
Айсұлу Муса
Шыңғырлау ауданы
zhaikpress.kz