Жуырда "Шымырлық пен шеберлік" атты гір тасын жұлқып көтеруден аудандық онлайн жарыс өтті. Жарысқа 40 жасқа дейін және 40 жастан жоғары ерлер қатысты. Бәйгеде бақ сынасқан спортшылар шеберлік деңгейлерін дәлелдеді. Нәтижесінде 40 жасқа дейінгі аралықта Б.Сапаров І орынды иеленсе, М.Мендалиев ІІ орынға, М.Юсупов ІІІ орынға табан тіреді.
Ал 40 жастан жоғары ерлер арасында М.Юсупов І орынды, Р.Жупиев ІІ орынды иеленсе, Д.Нургазиев ІІІ орынды қанжығасына байлады.
Ең жас қатысушар А.Мусаев пен Б.Кабидуллиев «Жеңіске деген жігері үшін...» аталымына ие болды.
Жеңімпаздар спорт клуб атынан дипломдармен, қаржылай сыйақылармен және БЖСМ-нің гір спорты аға жаттықтырушысы М.Юсупов атынан медальдармен марапатталды.
М.Мендалиев,
Ақбұлақ ауылдық округінің спорт әдіскері
Шыңғырлау ауданы