27.09.2024, 17:00
Оқылды: 9

Шыңғырлаулықтар туристік фестивальде топ жарды

Батыс Қазақстан облыстық балалар-жасөспірімдер туризмі және экология орталығының ұйымдастыруымен білім қызметкерлері арасында БҚО балалар-жасөспірімдер туризмі және экология орталығының «Самал» туристік лагерінде «Европа-Азия 2024» республикалық туристік фестивалі өтті.

2FEB9B5C-4414-4073-854E-FA302CB74A52

БҚО-ның жеті ауданы және елдің жеті облысынан келген командалар арасында тартысты жарыс өтті.

«Европа-Азия 2024» республикалық туристік фестиваліне Шыңғырлау аудандық туризм және экология орталығының қосымша білім беру педагогтарынан құралған команда қатысып, жақсы нәтиже көрсетті.

953C2C58-6224-4FE9-BC1F-B6C1915745DF

Атап айтсақ, «Техникалық қашықтық» бағыты бойынша командалық есепте – ІІІ, «Байлам» қашықтығы бойынша ерлер жұбы арасында Исқалиев Таңат, Мақсотов Айдос – ІІ, «Жеке» қашықтықтан Айдынғалиев Абай – І, «Түнгі бағдар» бағытынан Гайсиева Айкөркем, Шакит Аида жүлделі – ІІІ орындарды иеленді. 

Тоғызқұмалақ және шахмат ойындарынан Мақсотов Айдос бірінші, ал, Шакит Аида үшінші орынға ие болды. 

Абай Айдынғалиев

Шыңғырлау ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале