28.01.2021, 18:34
Оқылды: 44

Шыңғырлаулықтарға алғыс хат табысталды

Жуырда ғана өткен Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі мен барлық деңгейдегі мәслихаттарға депутаттар сайлауы еліміздегі көшбасшы партия «Nur Otan»-ның басым дауыспен жеңіске жетуімен қорытындыланды.

IMG_1856

Сяси шараны қорытындылаған Шыңғырлау аудандық партия фракциясының өткізген жиынының жалғасы іспеттес басқосу бүгін аудандық партия филиалында өтті.

Аудандық партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары Светлана Байтенова жүргізген жиынға сайлау жұмыстарына белсенділікпен қатысып, үгіт-насихат шараларын жүргізуде алғы шепте болған партия ардагерлері, праймеризге қатысқан кандидаттар, еріктілер мен белсенді жастар және штаб мүшелері қатысты.

IMG_1779

- Бәрімізге мәлім, сайлауға түскен партиялардың ішінде «Nur Otan» партиясы өзінің сайлауалды бағдарламасының нақтылығымен, заманмен үндестігімен, мақсатты жоспарларымен ерекшеленді. Бұл партияның ғана емес, бүкіл халықтың жеңісі. Мен бүгін ауданымызда сайлауалды жұмыстар барысында барлық іс-шараларға белсене қатысып, партияның негізгі қағидаларын түсіндіру үшін ел арасында теңдессіз жұмыс жүргізіп, сенімнен шығып қызмет істеген баршаңызға шын жүректен шыққан алғысымды білідремін. Біздің партияның әрбір мүшесі осы бір күрделі кезеңде жауапкершілікті сезіне білді. Жалпы сайлау барысында халықтан 20 мыңға жуық ұсыныс түскен, соның ішінде 63 ұсыныс Шыңғырлау ауданынан. Алдағы жылдары айтылған ұсыныстардың дені бүгінге күнге дейін шешімін тапқандықтан 30 ұсынысты бақылауда ұстап, жұмыстанатын боламыз. Баршаңызды Тұңғыш Президентіміз білдірген алғыс шеңберінде құттықтай отырып, әрқайсыңызға толағай табыс, биік мақсаттар тілеймін, - деген Светлана Ешматқызы Партия Төрағасы Н.Назарбаевтың қолы қойылған алғыс хаттарды партия ардагерлеріне, белсенділер мен штаб мүшелеріне табыс етті.

IMG_1777

С.Байтенова алдағы уақытта да партияның сайлауалды бағдарламаларындағы көзделген  межелер аясында халықтың сенімінен шығу үшін жұмыстануға шақырып, өз кезегінде партия «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру жолында әрбір бағыт бойынша нысаналы индикаторлар мен мақсатты жоспарлар құрып, нақты көрсеткіштерді көрсететін шараларды іске асыруға кірісіп кетті деген тұжырыммен жиынды аяқтады.

                                                                   Н.Айқын,

Шыңғырлау ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале