26-27 тамыз күндері Шыңғырлау ауылында «Жолда қабылдау» мобильді акциясы өткізілді.
Шыңғырлау ауданы полиция бөлімінің басшылығы, әкімшілік полиция, жергілікті полиция және көші-қон қызметтерінің инспекторлары аудандық халыққа қызмет көрсету орталығы ғимараты алдында аудан тұрғындарын қабылдап, құқықтық, әкімшілік сұрақтарымен келгендерге көмектерін ұсынды.
Бүгін мобильдік акцияны ұйымдастырушылар «Nur Otan» партиясы аудандық филиалының ғимаратында қабылдау жүргізді.
Жолда жүру тәртібіне енгізілген өзгерістер, құжаттар рәсімдеу, ауданға тұруға келгендерді тіркеу мәселесі, жеке куәлік алу мерзімі т.б. сұрақтарына жауап іздеп келген аудан тұрғындары тұшымды жауап алып, риза болысты.
Жалпы, халықтың бір жерде бірнеше сауалдарына жауап алуға мүмкіндік беретін осындай шаралардың жиі ұйымдастырылып тұрғаны дұрыс-ақ.
Гүлім Шынтас,
Шыңғырлау ауданы
zhaikpress.kz