«Baiterek best – 2023» денсаулық фестивалінде арулар бидің сәнін келістірсе, ер азаматтар жағы спорттық ойындарда мықтылығын байқатты.
Ашық алаңдағы арқан тартыс, қол күресі, асық ату сайыстары да тартысты өтті. «Шынықсаң, шымыр боласың» демекші, «Бәйтерек» спорт клубының шымыр жігіттері арқан тартыста ешкімге есе бермей, І орынды еншіледі. Жүлделі ІІ орынды жалындаған «Жасыл ел» жастар жасағы иеленді. Үшінші орын Қ.Аманжолов атындағы ЖББОМ ұстаздарына бұйырды. Жанкүйерлері айрықша қолдау көрсеткенімен аудан әкімдігі командасы бұл жолы ынталандыру сыйлығын қанағат тұтты.
Қол күресі ойынында да білекті жігіттер белсенділік байқатып, жиырма бес қатысушының ішінен Роман Голубых бірінші, Владислав Попов екінші, Дмитрий Башуров үшінші орындардан көрінді.
Гүлнар Тасболатқызы,
Бәйтерек ауданы
zhaikpress.kz