Сырым ауданы орталығы Жымпитының ажарын кіргізіп, балалардың қуанышына себепкер болатын жаңажылдық шырша шамы жағылып, сырғанақ алаңы салтанатты түрде ашылды.
Жымпиты ауылдық округі әкімінің орынбасары Жанболат Мұхамбетжанов ауыл тұрғындарын Жаңа жылмен құттықтап, жылы лебізін білдіріп, шырша шамын жағу рәсімін жасады.
Қытымыр қыстың суығына қарамастан, сырғанақ тебуге келген балалардың саны да әжептәуір. Ойын балалары қыс қызығына тоймай, көтеріңкі күл күйде Аяз ата мен Ақшақарды ортаға алып, шыршаны айналды.
А.Жұма "Аппақ қарлар", А.Жұмагелдиев "Яблокт на снегу" әндерін орындап, салтанатты шараның ажарын кіргізді.
Айжан Амангелдина,
Сырым ауданы