Переметный ауылындағы Камен жалпы орта білім беретін мектебін 327 оқушы бітірді. Оның 58-і оқу үздігі, 116-сы оқу екпіндісі атанды.
Биыл 8 түлек үлкен өмірге қадам басқалы тұр. Сонымен қатар алғаш рет негізгі мектепті қазақ сыныптары аяқтады.
Жалпы биылғы оқу жылы білім ұясы үшін жемісті жыл болды. Шәкірттер оқуда да, өнерде де, спортта да биіктен көрінді. Мәселен, Елизавета Долбленова республикалық, Андрей Хорошкин Родион Рахимбердин облыстық ғылыми жобалар байқауының жүлдегері атанды. Алексей Нишонов республикалық бейнелеу өнері сайысында топжарды. Самал Таскалиға облыстық «Жас суретші» байқауында 2-орын бұйырды. Иван Уткин облыстық пән олимпиадасында жүлде алды. Ал 7-сынып оқушысы Дамира Неткалиева каратэден Еуропа чемпионатынан жүлдемен оралды. Наима Жанзакова дзюдодан республикалық турнирдің қола жүлдегері деп танылды. Сонымен қатар мектеп оқушылары қазақ күресі, волейбол, футболдан өткен аудандық, облыстық жарыстардың жеңімпаздары. Мектеп - «Таза жаға» экологиялық акциясының ұйымдастырушысы, сонымен қатар экологиялық сайыстар мен форумдардың бірнеше дүркін жеңімпаздары.
Республикалық «Ақбота», «Кенгуру», «Золотое руно» т.б. сайыстарына мектеп оқушылары белсенді қатысып, жүлделі орындар иеленіп жүр.
Соңғы қоңырау салтанатына келген ата-аналар, ардагер ұстаздар және аудандық маслихат депутаты Әсел Ижанова оқу жылының аяқталуымен құттықтап, табыс тіледі.
Дидара Қартқалиева,
Бәйтерек ауданы