10.06.2024, 14:45
Оқылды: 76

Соналыдағы дала қызықтары қалай өтті?

Қаратөбе ауданына қарасты Соналы ауылында қазақтың ұлттық ойындарын жас ұрпаққа кеңінен насихаттау мақсатында дала қызықтары өтті. Ақшаңқан киіз үй тігіліп, ауыл халқы мен қонақтар көп жиналды.

45AF5253-35E8-45E3-BFDA-CF13BFBD0755
Дала қызықтары аудандық мәслихат аппаратының басшысы Берікқали Мусаның 
жиналған жұртшылықты құттықтауымен ашылды. Мерекелік шарада сөз алған ауыл ақсақалы Сүйесін Нұрғалиев жиналған көпшілікті өткізіліп жатқан мерекемен құттықтап, дала қызықтарына қатысушыларға сәттілік тілеп, ауыл азаматтарының ұйымшылдығына ризашылығын білдірді.

Арқан тартыспен басталған дала ойындарында мықтылықтарымен көзге түскен соналылық «Бірлік» командасы жеңімпаз атанса, гір тасын 60 мәрте көтерген қаратөбелік Мұрадым Мұхамбетжанов қарсыластарынан оқ бойы озық болды.

Қой көтеру жарысына ұласқан дала қызықтары өте қызықты өтіп, Еркін Серіков қойды 61 рет көтеріп жеңімпаз атанды. Қазақша күрестен сынға түскен палуандар арасында Аққозы ауылынан келген Батыр Жылқыбаев қарсылас шақ келтірмей жеңімпаз атанды.

5B5DB496-DB18-4008-B9BE-78B56B222C5B

Балалар арасында жас ерекшеліктеріне қарай 1-6 сынып, 7-11 сыныптардың ұлдары және қыздар арасында өткен 200 метр қашықтықта жаяу жүгіріс жарысы ұйымдастырылды. Жаяу жүгіруде сынға түскен балалар өзара І, ІІ, ІІІ орындарды иемденіп, жарысқа қатысқандардың бәріне ақшалай сыйлықтар табысталды.

Дала ойындары тай жарысымен жалғасып, дүбілрі додаға Соналы ауылынан жеті тай қатысты. Тай бәйгесінен І орынды Тұрлан Ғұбайдуллиннің «Қаратал» атты сәйгүлігі иеленді. ІІ орынды Айса Мамешовтың «Бастау» атты тайы иеленсе, ІІІ орын Еламан Шаймардановтың меншігіндегі «Ақтанау» атты тайына бұйырды. Тай бәйгесінде жүлде алғандарға 20 мың, 15 мың, 10 мың теңгелік сертификаттар табыс етілді.

Тай жарысынан соң кезек аламан бәйгеге келді. Шашасына шаң жұқпаған тұлпарлар 12 шақырым қашықтықты шауып өтті. Бәйгенің қортындысында І және ІІ орындарды соналылық  Айса Мамешовтың «Керемет», «»Жұлдыз төбел» атты сәйгүліктері иеленді.

2136E6B4-BE06-4A32-9661-440F7A325F0A

Ал ІІІ орынға Аққозы ауылының атбегісі Диас Медетұлының «Шағала» атты сәйгүлігі табан тіреді. Аламан бәйгесінде жүлде алғандарға 50 мың, 30 мың, 20 мың теңгелік сертификаттар табыс етілді.

Мәдени-көпшілік шараға шақырылған қонақтарға киіз үйде демеушілердің көмегімен әзірленген қонақасы ұсынылды.

Серікбай Хасанов

Қаратөбе ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале