Сот саласында жаңа технологияларды енгізу және пайдалану бойынша бірқатар ауқымды шаралар жүзеге асуда. «Электронды сот төрелігін ақпарат құралы ұтқырлығын арттыру және ашықтығы» мақсатында Зеленов аудандық №2 сотта дөңгелек үстел өтті.
Жиынға жергілікті жердегі «Азаматтарға арналған үкімет» МККАҚ филиалы БҚО бойынша «Халыққа қызмет көрсету орталығы» департаментінің Зеленов ауданы бөлімінің өкілдері А.Қажжанов, А.Кряков, ауылдық округтің бас маманы Р.Самарцева және сот қызметкерлері мен БАҚ өкілдері қатысты.
Шараны жүргізген судья Александра Сидорова озық IT-технологиялар мен ақпараттық жүйелерін енгізу, ықпалдастықтың құқын қолдану тәжірибесінде бағытталған жұмыстың ұтқырлығын арттыру немесе сот төрелігінің ашықтығын, сот ісін жүргізуде бюрократияландыру мен сыбайлас жемқорлықты төмендету жайында кеңінен тоқталып, түсінік берді.
Әрмен қарай кеңсе меңгерушісі Альберт Халелов:
«Сот кабинеті» - бұл халықтың сот жүйесінің қолжетімділігі мен ашықтығына толықтай қол жеткізуіне, сот органдарының электрондық сервисіне кіруге арналған бірыңғай терезе. Ол сот өндірісінің қызметін жеңілдетуге, сот жүйесінің жеделдігін, азаматтардың сот ақпаратына қолжетімділігі мен ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған. Сервис арқылы азамат, оның өкілі немесе адвокат өзіне қолайлы кез келген уақытта үйінен, кеңсесінен шықпастан интернет желісі арқылы арызды, шағым, наразылықтарды электронды түрде жолдай алады. Сондай–ақ, аталмыш жаңашылдық мемлекеттік бажды онлайн режимде төлеуге, істің орындалу деңгейін көруге және сот актісін басып шығаруға, процессуалдық мерзімдерді қадағалауға мүмкіндік береді. Сотқа өтінішті, шағымды немесе басқа да құжаттарды электрондық цифрлық қолтаңба және интернет арқылы тәуліктің кез келген уақытында беру «Сот кабинетінің» басты артықшылығы саналады, - деді.
Гүлжан Серікқызы
Зеленов ауданы
zhaikpress.kz