8.01.2025, 12:00
Оқылды: 28

Жаңақала аудандық сот төрағасының есебі тыңдалды  

Бүгін аудандық сотта 2024 жылдың жұмыс қорытындысы бойынша брифинг өтті.  Жиынды аудандық соттың төрағасы Меңдіғали Бақтығұлов ашып, күн тәртібіндегі негізгі мәселелермен таныстырды.

image-08-01-25-11-43

Меңдіғали Жүсіпбергенұлының берген мәліметінше өткен жылы аудандық сотқа барлығы 234 арыз түскен.  Бұл 2023 жылмен салыстырғанда 26 талап арызға көбейген. Қозғалған істер саны 172, былтыр қаралып аяқталған істердің саны — 175, 2023 жылмен салыстырғанда 3 іске артқан. Аяқталған істер бойынша шешім шығарумен 109 іс болса, 2023 жылы бұл көрсеткіш 107 істі құраған, яғни былтыр 2 шешімге көп болған.  44 іс қараусыз қалдырылып, оңайлатылған іс жүргізу тәртібімен 57 іс қаралған екен, яғни 2023 жылмен салыстырғанда қараусыз қалдырылған іс саны 10-ға, оңайлатылған іс 16-ға көбейген. Сот бұйрығының шығаруымен 2024 жылы 17 іс, 2023 жылы 15 іс, 2 іске артқан. Есептік кезең соңында қалдырылған істер саны 30-ды құраса, сот медициналық экспертизасына жолдануына байланысты тоқтатылғаны – 1, жеке ұйғарым бойынша – 1. Сондай-ақ Меңдіғали Жүсіпбергенұлы өз сөзінде күні бүгінде неке бұзуға арыз жиі түсетіндігіне тоқталып, аталмыш факт бойынша тек жастар емес, отау құрғандарына жиырма, отыз жыл болған отбасылардың да кездесетініне қынжылысын білдірді. Және 38 тұлғаға қатысты 28 қылмыстық іс түсіп, 2023 жылдың 12 айында 28 іс 33 тұлғаға қатысты аяқталғанын, ауыр қылмыс жасаған 9 адам, орташа қылмыс жасаған 6 адам, кішігірім қылмыс жасаумен 2 тұлға және теріс қылық жасаумен 3 тұлға сотталғандығын да айтып өтті. Сонымен қатар қазіргі таңда өршіп тұрған интернет алаяқтыққа студенттер мен орта жастан жоғары тұрғындардың тап болатындығын  тілге тиек етіп, олардың құрбаны болмауға шақырды.

Айзада Ақбасова,

Жаңақала ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале