23 маусымдағы Мемлекеттік қызметші күніне байланысты Ақжайық ауданында біршама іс-шара атқарылуда. Біраз мекемеде кестеден тыс қабылдаулар өткізілуде.
Ақжайық аудандық соты «Ашық есік» күнін ұйымдастырды. Мұндағы мақсат – азаматтар мен заңды тұлғалардың өкілдеріне құқықтық көмек көрсетіп, кеңес беру.
Келушілерді сот төрағасы Амерхан Куликешев қабылдап, олардың сот арқылы азаматтық және қылмыстық сала бойынша қорғалатын құқықтарына, мүдделеріне қатысты туындаған сұрақтарына толық жауап берді. Төраға сонымен қатар келген азаматтарға сот жүйесіндегі реформаларды, соттың ашықтығы мен қолжетімділігін нығайтуға қатысты жұмыстар туралы баяндады.
Сәнім БЕРЕКЕ
Ақжайық ауданы
zhaikpress.kz