Ардагерлер арасында өткен ІІІ облыстық спартакиадаға сырымдық ардагерлер қатысып, жалпыкомандалық есепте жүлделі ІІ орынға ие болып қайтты.
Спартакиадада 13 аудандық команда мен Орал қаласының командасы волейбол, тоғызқұмалақ, үстел теннисі, дойбы, шахматтан бақ сынады.
Сырым ауданының намысын қорғауға команда жетекшісі Ғилаж Қаналиев және 14 ардагер барды.
Жекелей сында Өтеулі Қонақбаев шахматтан ІІІ, Нұртаза Жұмағалиев үстел теннисінен ІІ орынға ие болды.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлер облыстық ардагерлер ұйымының дипломы және «Интеграл» ЖҚБ-ның сыйақысына ие болды.
Шынар Молданиязова,
Сырым ауданы
zhaikpress.kz