24.04.2022, 9:20
Оқылды: 65

Спорт алаңдарының сапасы сын көтермейді

Өткен жылдың соңында Бәйтерек ауданы Переметный ауылдық округінде екі балалар ойын алаңы мен екі спорт алаңы салынған болатын. Қазан айының аяғында пайдалануға берілгеннен кейін көпшілік, соның ішінде жасөспірімдер мен жастар оның қызығын көріп үлгермегені аян. Ала доп бәсекесін осы көктемнен бастап ұйымдастыруды ұйғарған еді. Алайда спорт алаңының қазіргі күйі асыр салып, доп қуалауға мүмкіндік бермей тұр.

3e513325-b297-45ad-8686-f5a6f91ed792

Соған байланысты ауыл тұрғындары осынау жайды кезінде өздері сайлаған аудандық мәслихат депутаттарына құлаққағыс қылды. Тұрғындардың өтініш-тілектері мен ұсыныстарына жауапкершілікпен қарайтын халық қалаулылары мұны ескерусіз қалдырған жоқ.

0ab378f0-439a-4445-a7ea-c404d529b97f
- Бізге былтыр аудан орталығында салынған балалардың ойын алаңдары мен спорт алаңдары сапасы төмен материалдардан салынғаны туралы түрлі өтініш-шағымдар түсуде. Олардың маңы абаттандырылмағанына да, жөнді жарықтандырылмайтынына да көпшілік наразы. Соған орай аудандық мәслихаттың бір топ депутаттары, қоғамдық кеңес өкілдері осынау деректерді тексеру үшін атқа қонып отырған жайымыз бар. Егер деректер расталса, тапсырылған жұмыстың кепілдік мерзімі бітпеген болса, тапсырыс беруші мемқұрылым мен орындаушы компания өкілдерімен сөйлесіп, анықталған олқылықтарды жою туралы ұсыныс жасаймыз. Олқылықтардың қашан, қалай реттелетіні туралы мәліттер аламыз. Егер біздің айтқанымыз ескерілмесе, құқыққорғау құрылымдарына тиісті құжаттарды жолдаймыз. Осының бәрін тұрғындарға айтып-хабарлап отырамыз, - деді рейдтік тексеріс алдында бізге сұхбат берген аудандық мәслихаттың хатшысы Нұрлыбек Хайруллин.

546468eb-38ad-49b9-a9b0-a1cff335b459

23 сәуір күні болған рейдтік тексеріс кезінде 6 нысан қамтылды. Оның екеуі жоғарыда айтылған балалардың ойын және спорт алаңдары. Переметныйда және осы округке қарасты Калинин ауылында салынған бұл нысандардың қазіргі күйін көрген депутаттар жағасын ұстады. Тапсырылғанына 3-4 ай болған спорт алаңдардың жағдайы мәз емес.
- Спорт алаңдарына салынған арнайы төсеніш жаман емес, тек оны төсеуде технологияны дұрыс қолданбағаны көрініп тұр. Қазір алаңның бір жақ бөлігі жұлынып, үгітіліп, жарамсыз болып жатса, ертең екінші жағы кетеді. Бұл екі нысанның әрқайысына бюджеттен 21 млн. теңгедей астам қаражат бөлінген екен. Мұндай көлемде қаражат жұмсалғаннан кейін жер-құрылыс жұмыстары бойынша сараптама жүруі керек еді ғой. Сонда технологиялық бақылау жұмыстары жасалар еді. Ондай іс-шаралар жүргізілмеген. Орын алған жағдайдың бір себебі осыған да келіп тірелетін секілді, - деді аудандық мәслихат депутаты Бекболат Шканов.

814decb2-7e18-4c5b-8dec-64f154700c30

Мәслихат хатшысы болса алаңдардың айналасы абаттандырылмағанына назар аударды. Спорт алаңының ішінде не сыртында отыратын орындық қойылмағынын да тілге тиек етті. Сондай-ақ алаң қоршауының төменгі жақтары жөнді жасалмаған. Қоршау бағандары мықты тұруы үшін құйылған цементің үсіне топырақ төселмеген.

WhatsApp Image 2022-04-24 at 10.14.10

WhatsApp Image 2022-04-24 at 10.14.51

Тіпті алаңы есігінің топсасына дейін сынып қалған. Нұрлыбек Қажымұратұлы Егіндібұлақ ауылында бой көтерген осындай балалар алаңы өте сапалы салынғанын, оған тұрғындар риза екенін баяндады.

d6e08e1b-7e40-42fa-b626-5a1039804f4a

Айта кетейік, «Переметный және Калинин ауылдарына балалардың ойын алаңын орналастыру» деген атаумен өткен жылдың 24 мамырында мемсатып алу порталына жарияланған ашық конкурс нәтижесінде «БизнесСтрой» ЖШС жеңімпаз болып танылғанымен құрылыс жұмыстарын субмердігер компания жүргізген. Қосымша мердігер болып табылатын оралдық «ИнтерГазСтрой» ЖШС-ның директоры Максим Константиновты депутаттар сын садағына алды. Субмердігер компания басшысының сөзіне қарағанда, олар пайдаланған материалдар сапалы. Бұл жерде вандализмнің орын алған. Яғни қаскөйлер әдейі келіп бүлдірген. «Біз Оралда, аудан-ауылдарда осындай спорт, балалар алаңдарын салдық. Мұндай болған емес. Дегенмен орын алған олқылықтарды жоятын боламыз», - деді ол.

47d6b5af-3abc-479b-9a93-a551b3624f91

Рейдтік топ сонымен қатар былтыр Переметный ауылындағы Гаврилов көшесін абаттандыру, Жеңіс, Мирная, Строительная, Мұхамбетжанов көшелеріне қиыршық тас төселу, Калинин ауылындағы Киров көшесін абаттандыру, көше шамдарын ауыстыру бағытында жүргізілген жұмыстардың сапасына да назар аударды.

Виктор Железнов, аудандық қоғамдық кеңес төрағасы:

628891f6-d3c2-4376-945b-878f630d6433

- Балалардың ойын және спорт алаңдары секілді нысандар халық үшін салынады. Ал тұрғындардың онда барып демалуына жағдай жасалмаса, оны қалай түсінуге болады? Спорт алаңдарындағы қақпаның торлары жоқ, тиісті белгілер (разметка) сызылмаған. Басқа да олқы тұс көп. Алдағы уақытта мұндай рейдке арнайы мамандарды да тартқан жөн деп ойлаймын. Бізге дұрыс көрінген нәрселер арнайы параметрлер бойынша талапқа сай емес шығар. Бүгінгі тексеріс қорытындысы бойынша рейдке қатысушылармен аудан және ауылдық округ әкімдерінің атына хат жазып, олықылықтарды жою бағытында мердігерлерге талап қоюы керек деп ойлаймын. Алдағы есептік кездесулерде әкімдер осы бағытта не істелгені туралы есеп бергендері дұрыс. Мердігерлердің, субмердігерлердің кепілдік міндеттемелерін пайдаланып, істеген жұмыстарының олқы тұстарын қалпына келтірту керек. Соның қорытындысын, жобалық-сметалық құжаттамалардың көшірмесімен барлық ауылдық округ әкімдеріне жіберуді ұйымдастыру да маңызды деп білемін. Себебі олар да де мұндай мәселемен жиі бетпе-бет келеді. Қазақ бауырларымыздың «Қызым саған айтам, келінім сен тыңда» деген мақалғаына сай, бұл оларға үлгі болары анық.

Әсел Ижанова, аудандық мәслихат депутаты:

f18f4dc4-9916-4f27-ae13-645a0cd07757

- Балалардың ойын және спорт алаңдары сапасының төмендігіне қатысты тұрғындардың бізге айтқан өтініштерінің дұрыс екендеріне көзімміз толық жетті. Құрылыс жұмыстары сапасыз жүргізілгені көрініп тұр. Өткен жыл соңында тапсырылып, яғни балалар әлі жөнді ойнап үлгермеген алаңдардың төсеніштері жыртылып, үгітіліп жатыр. Ал ертеңгі жағдайы не болады? Біз халықтың игілігі үшін бөлген қаражатқа салынған бұл нысандар талапқа сай емес. Тұрғындардың осы бағыттағы реніші дұрыс. Балалар алаңы қалай болса солай салынған. Алаңдардың орналасқан жері де сәтті таңдалған деп айта алмаймын. Айналасында бұрын бұзылған нысандардың іргетасының, плита секілді құрылыс материалдарының қалдықтары жатыр. Жалпы алғанда мен мына жерлерден балаға деген, оның ата-анасы деген жанашырлықты көріп тұрғаным жоқ.

Сәкен Әбілхалықов,

Бәйтерек ауданы,

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале