20.02.2017, 15:33
Оқылды: 29

Спорт ардагерінің мерейлі жасы ұлықталды

 

Жәнібекте спорт ардагері Елеусін Зинуллиннің 70 жасқа толу мерейтойына арналған үстел теннисінен 2002-2003 жылдары туған жасөспірімдер және ересектер арасында ашық аудандық турнир өтті. Жарысқа жергілікті спортшылармен қатар Орал қаласы мен Қазталов ауданы және Ресейдің Волгоград облысынан командалар қатысты.


Елеусін Зинуллин жастық шағында теннистен институт чемпионы, ЖОО-лар арасындағы жарыстың жүлдегері болған.

Бүгінге дейін жүз шақты шәкіртті үстел теннисіне баулып, оларға осы спорт түрінің қыр-сырын меңгертті. Шәкірттері облыс чемпиондары, республикалық жарыстардың жүлдегерлері атанды.

Жарыстың қорытындысы бойынша, жасөспірім қыздар арасында Гүлзада Сайынова (аудандық БЖСМ-1), Гүлфия Жиендетқалиева (БЖСМ-2), Милана Ниғматуллина (Қазталов ау.), ұлдар арасында Роман Жанұзақұлы (БЖСМ-1), Бауыржан Мырзағалиев (БЖСМ-1), Қадыр Сәрсенғалиевтер (БЖСМ-2) сәйкесінше бірінші, екінші және үшінші орындарды иемденді.

Әлия Меркен «Ең жас спортшы», Гүлфия Жиендетқалиева «Жеңіске деген жігері үшін», сондай-ақ Гүлзада Сайынова «Ең үздік техникасы үшін» аталымдарын жеңіп алды.

Командалық сында Орал қаласы бірінші, Волгоград облысы екінші, ал Жәнібек ауданының командасы үшінші орынды иемденді.

Д.ЗЕННАТ,

Жәнібек ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале