17.08.2023, 23:59
Оқылды: 18

Спорт күні аталып өтті

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентінің қаулысына сәйкес тамыз айының әр үшінші жексенбісі - спорт күні болып белгіленді. Соған орай бүгін достық алаңында спорт ардагерлері, спортшылары, жаттықтырушылары, спорт және дене шынықтыру саласында еңбек етіп жүрген барлық қызметкерлер отандық спортты дамытуға үлес қосып жүрген ерен еңбектері үшін аудан әкімінің арнайы алғыс хатымен марапатталды.

image-17-08-23-11-19-3

Аудан әкімі Алпамыс  Көшкінбаев құттықтау сөз сөйлеп, барша спортшыларды  мерекелерімен құттықтап байрақты бәскеде топ жарып жүрген спортшыларымызға  марпаттарын табыс етті. Әрі қарай келген жұртшылық аудандық мәдени демалыс орталығының көркемөнерпаздарының концертін тамашалады. Ән айтылып, би кешімен жалғасқан концерт әдемі от шашумен аяқталды.

image-17-08-23-11-19-7

P.S Салауатты өмір салты қазақстандықтарға танымал салтқа айналып келе жатқаны қуантарлық жайт. Спортшыларда күннен күнге өз өнерлері арқылы дене шынықтыру мен спорт денсаулық кепілі екендігін айғақтап келеді.  Спортқа ден қойған адамдар саны жылдан-жылға артып, спортшылардың жетістіктері мен жеңістері де көбейе берсін демекпіз.

image-17-08-23-11-19-4

photo-output
image-17-08-23-11-19-2
image-17-08-23-11-19
image-17-08-23-11-19-6
image-17-08-23-11-19-1
Аруғаным Қазиева,

Жаңақала ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале