Сырым ауданының спортшылары байрақты бәсекелерде аудан мәртебесін асқақтатып, елдің абыройын арттырып қана жүрген жоқ. Тәуелсіз мемлекетіміздің ертеңіне елеңдеген ерлер бүгін №290 сайлау учаскесіне келіп, дауыс берді.
Бірдей киінген спортшылардың көңіл күйлері көтеріңкі, олардан мерекелік леп сезіледі. Ұжыммен келіп, таңдауларын жасаған спортшылар сайлауға қатысу әрбір азаматтың парызы санайды.