26.12.2019, 16:20
Оқылды: 13

Спортты серік еткен Гүлжиһан

Казталов ауданы Әжібай ауылының бетке ұстар жастарының бірі – Гүлжиһан Бақытжанованың еңбектері туралы айтқымыз келеді.

qaztalov gulzhihan

Жастайынан спортты жанына серік еткен Гүлжиһан қазір мектеп оқушыларын еркін күреспен жаттықтыруда. Гүлжиһан Мержанқызы республикалық турнирдің жеңімпазы, Батыс Қазақстан облысының чемпионаты, жекпе-жек турнирінің жүлдегері. Сондай-ақ қазақша күрестің ІІІ орын иегері. Осы аталған жүлделер оның спортсүйгіштігі мен еңбегінің айқын дәлелі. Гүлжиһан 2018 жылдан бастап осы салада жас жеткіншектерді спортқа баулып, олардың өнерін облыстық деңгейде шыңдап жүр. Атап айтатын болсақ, Ақжайық ауданында өткен республикалық турнирден шәкірттері жүлделі оралды. Сонымен қатар 2019 жылдың қараша айында Ақтөбе қаласында өткен М.Мәметова жүлдесіне арналған турнирде 6-сынып оқушысы Айару Жасталап ІІ орын алып, ауыл тұрғындарын бір қуанышқа кенелтті. Осындай жетістіктер бір жағынан Гүлжиһанның еңбегінің нәтижесі болса, бір жағынан оқушылардың спортқа деген сүйіспеншілігінің дәлелі. Осындай жүлделермен еңбек жолын бастап келе жатқан жас спортшыға қолдау көрсетіліп, оқушыларын жаттықтыратын тұрақты орын бөлінсе екен деген тілек бар.

«Мен жастарға сенемін» деп Мағжан атамыз айтқандай. Гүлжиһан Мержанқызының алар асуы әлі де алда екеніне ауыл тұрғындары нық сенімді.

 

Әжібай ауылы,

Бейбітшілік көшесінің тұрғындары

Казталов ауданы

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagr am-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале