Бәйтерек ауданында шаңғымен бағдарлау спортынан аудан чемпионаты өтті.
Қарқынды дамып келе жатқан спорттың бұл түрінен бәйтеректік оғландар облыстық қана емес, республикалық, халықаралық жарыстарға қатысып, жүлделі оралып жүр. Жыл сайын оның қызығы артып, қатысушылар саны да көбейіп келеді. Кешегі өткен аудан чемпионаты да өте тартысты болды. Күн райының қолсайсыздығына қарамастан, спортшылар жеңіске деген талпыныстарымен жарыстың көркін қыздырды. Сонымен 11 жасқа дейінгі ер балалар арасында Нұрбатыр Жәмиев, 13 жасқа дейінгілер арасында Бахтияр Болатбек, 15 жастағылар арасында Аңсар Исембаев үздік шықса, 17 жастан жоғарылар арасында Естай Кеңгесбаев алдына жан салмай, аудан чемпионы атанды.
Ал қыздар арасындағы бәсекеде Зарина Габдушева (11 жас) үздік деп танылды.Сондай-ақ Виктория Голотова 13, Анастасия Чиркова 15 жасқа дейінгі қыздар арасында топ жарса, 17 жастан жоғарылар сайысында Дамира Ерсайынова көш бастады.
-Спорттық бағдарлау ауданда жақсы дамып келеді. Спортшыларымыздың жетістіктері де ойдағыдай. Болашақта жас спортшылардың шеберлігін әлі де шыңдай түсеміз,- дейді бапкер Серік Хайруллин.
Түгелбай Бисен
Бәйтерек ауданы
zhaikpress.kz
Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер