Биыл маусымнан бастап статистикалық есепті тапсыру кезіндегі өзгерістер күшіне енді. Енді қазақстандықтар үшін анық емес немесе мерзімінде ұсынылмаған деректерге жауапкершілік күшейтіледі. Бөрлі аудандық статистика басқармасының басшысы Тойған Абдулова бізге берген сұхбатында «Мемлекеттік статистика туралы» ҚР Заңына қандай өзгерістер енгізілгенін және осы өзгерістерге байланысты респонденттерді не күтіп тұрғанын айтып берді.
Фото: pixabay.com
– Тойған Жалелқызы, статистикалық есепті тапсыру кезінде бізді қандай өзгерістер мен жаңалықтар күтіп тұр?
– 2024 жылғы 6 сәуірде Қазақстан Республикасының Президенті «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістерге қол қойды, бұл өзгерістер 2024 жылдың 8 маусымында күшіне енді. Жаңа түзетулер респонденттердің уақтылы және нақты есептерді тапсыруы үшін шараларды күшейтеді. Әкімшілік деректердің сапасына бақылау енгізіледі. Жаңа заңға балама деректер ұғымы, яғни әкімшілі және статистикалық деректер, ұлттық анықтамалық ұғымдарЫ енгізілді. Сонымен қатар, статистикалық есеп ұсынбаса айыппұл салынатынын да айта кетейін.
– Бұл өзгерістерді енгізуге не себеп болды? Түсіндіре кетсеңіз.
– Соңғы жылдарда респонденттердің есеп тапсыру тәртібінің нашарлауы, ұсынылатын бастапқы статистикалық есеп сапасының төмендеуі байқалды. Сондықтан мемлекет субъектілердің ұсынатын деректері үшін жауапкершілігін белгілі бір жолмен қатаңдатуға мәжбүр. Бір қарағанда, мемлекеттік статистика органдарының жұмысы көрінбейді. Бірақ қоғамның жұмысын жоспарлау және қамтамасыз ету біз жинайтын және өңдейтін мәліметтерге тікелей байланысты екенін көзі қарақты адам біледі. Тұрғындардың саны, АӨК субъектілері, кәсіпорындар өндіретін өнім саны, жалақы деңгейі және басқа да көптеген көрсеткіштер бойынша статистикалық мәліметтерге, сайып келгенде, қоғамның әртүрлі өркениеттік игіліктермен қамтамасыз етілу деңгейі, біздің бүкіл өміріміздің жайлылық деңгейіне байланысты. Ал анық емес деректер болып жатқан оқиғалардың жалпы көрінісін бұрмалайды және қоғамның дамуына кедергі келтіреді. Сондықтан да бұл түзетулер заңнамаға енгізілді.
Респонденттердің бастапқы статистикалық есептілікті ұсынуға қаншалықты жауапкершілікпен қарайтынына, көрсеткіштердің қаншалықты сауатты көрсетілетініне ресми статистиканың сапасы және тиісінше одан әрі басқарушылық шешім қабылдаудың дұрыстығына байланысты болады.
«Мемлекеттік статистика туралы» ҚР Заңының 17-бабына сәйкес, «респонденттер статистикалық байқаулар жүргізу кезінде респонденттердің бастапқы статистикалық деректерді ұсыну кестесіне және статистикалық әдіснамаға сәйкес анық бастапқы статистикалық деректерді ұсынуға міндетті».
– Респонденттер статистикалық органдарға қажетті ақпаратты қандай тәсілмен береді?
– Бастапқы статистикалық деректер әртүрлі тәсілдермен ұсынылады. Бұл электронды түрде, қағаз тасымалдағыштарда, компьютерленген телефон сауалнамасы жүйесі арқылы болуы мүмкін. Ақырында, ең оңайы – сұхбат берушінің жеке сауалнамасын жүргізу кезінде. Өзге тәсілдермен жалпымемлекеттік статистикалық байқаулар бойынша бастапқы статистикалық деректерді беруге жол берілмейді.
– Ал егер респонденттің тапсырған деректері анық, нақты емес болған жағдайда шара алынады дедіңіз. Ал нақтырақ айтқанда, не болады?
Бастапқы статистикалық деректерді ұсыну тәртібін бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тарту шаралары ҚР «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы «Кодексінің 497-бабында жазылған. Егер респонденттің анық емес бастапқы статистикалық деректерді ұсынғаны анықталса, оған статистикалық нысандарға түзетулер енгізу қажеттілігі туралы хабарлама жіберіледі, бұған дейін тек «қорытынды» берілетін болған.
Статистикалық нысанды қайта ұсыну немесе ұсынылған деректердің анықтығын растау үшін қосымша, ақпарат беру арқылы түзетулер енгізуге болады. Егер бұған дейін екі жұмыс күні берілсе, қазір тек бір жұмыс күні ішінде. Қайта бұзылған жағдайда айыппұл салынады.
Егер респонденттер ұсыну графигінде көрсетілген мерзімде бастапқы статистикалық деректерді ұсынбаса, онда олар бірден әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Бұрын профилактикалық бақылау жүргізіліп, қорытындылар жіберіліп, респонденттерге айыппұл салусыз есеп беруге мүмкіндік берілсе, енді профилактикалық бақылау жүргізілместен бірден айыппұл салынады. Сондықтан респонденттерге статистикалық есептілікті толтыру кезінде жауапты және бастапқы статистикалық деректерді ұсыну мерзімдеріне мұқият болуы керек. Айыппұл сомасы субъектілердің мөлшеріне байланысты.
– Айыппұл сомасын біле отырсақ?
– 2024 жылы статистикалық есепті белгіленген мерзімде ұсынбағаны үшін (ӘҚБТК 497-бабы 2-бөлігі) айыппұл сомасы шағын кәсіпкерлік субъектілері үшін 51 688 теңгені (14 АЕК), орта кәсіпкерлік субъектілері үшін 73 840 теңгені
(20 АЕК) және ірі кәсіпкерлік субъектілері үшін 443 040 теңгені құрайды (120 АЕК). Жеке тұлғаларға келетін болсақ, бұл санат үшін 10 АЕК айыппұл мөлшері белгіленген, яғни 36 920 теңге. Егер респондент айыппұлды жеті жұмыс күні ішінде төлеуге келіссе, онда айыппұл сомасы көрсетілген соманың 50% құрайды.
Респонденттерде туындаған барлық мәселелер бойынша кері байланысты қолдау, сондай-ақ консультативтік қызметтер көрсету ретінде ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің ұлттық статистика бюросына жүгінуге болады, онда «Бюроның Фронт-офисі» өтініштерді қабылдаудың бірыңғай нүктесі қолданылады.
Сайт бойынша ақпарат іздеу және навигация, статистикалық нысандарды толтыру, статистикалық есептерді тапсыру кезінде техникалық қолдау алу бойынша бірыңғай байланыс орталығына 1446 нөміріне, Telegram-Bot @statgovkz_bot, сондай-ақ stat.gov.kz сайтындағы «Онлайн-консультант» хабарласуға болады.
Сұхбатты жүргізген Дариға Нұрашова
Бөрлі ауданы