Адам ғана емес, табиғат та адамзаттың қамқорлығына мұқтаж. Осыны түсінген Сырым аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығы мен аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің мамандары балықтарға ауа жіберу шарасын дәстүрге айналдырды.
Дәстүр биыл да жалғасын тапты. Бұрғы-күрегін арқалаған табиғат жанашыларлары өзенге түсіп, ойықтар жасап, оларға қамыс тығындады. Мұз бен қардың қалыңдығынан тынысы тарылған су асты мақұлықтарына бұл да бір көмек.
Шара барысында Өлеңті мен Шідерті өзенінің қиылысқан тұсы толықтай аэрацияланды.
Батырбек Жанболатов,
«SJ» жастар орталығының қызметкері