11.04.2017, 12:32
Оқылды: 20

Су деңгейі қалыпты өтуде

су денгей Жалпактал       Қазталов ауданында күні бүгін су тасқыны бойынша жағдай тұрақты. Осы мақсатта біз аудан әкімінің орынбасары, төтенше жағдайлар жөніндегі комиссияның орынбасары Нұретдин Құтқожинге жолығып мән-жайды білген едік.

-Күні бүгін 40 текше метр су берілді. Жағдайымыз бір қалыпты. Үлкен өзен арнасына толды. Қауіп қатер жоқ. 9 сәуірден бастап 90 текше метр су жіберілді.  Төтенше жағдайлар алдын алу бағытында тиісті жұмыстарымыз жүргізіліп келеді. Біздің басты мақсатымыз көктемгі суды ауыл шаруашылығы қажеттілігі үшін сақтап қалу. Сондықтан Жиеш, Ғайса, Бөлекқала, Жаңажол ауылдық округінің елді мекендеріне Мәнти секілді бөгеттер арқылы көл табандарына су шығару жұмыстары жүргізілуде,-дейді бізбен әңгімесінде.

Күні бүгін қауіптің алдын алу шаралары тиісті дәрежеде жүргізілуде.

Тұрарбек Қайырғалиұлы

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале