15.02.2023, 17:59
Оқылды: 19

Су қоймаларына жөндеу жұмыстары жүргізілуде

Бүгін Казталов ауданы әкімінің орынбасары Ғаділбек Әлібекұлы 254 «Су ресурстарын тиімді басқару» бағдарламасының 101 «Су берумен және олардың техникалық жай-күйіне мониторингпен байланысты емес трансшекаралық және республикалық су шаруашылығы объектілерін пайдалану» кіші бағдарламасының ауданда жүзеге асырылу барысымен танысу үшін «Казталов 1» су қоймасына барды.

IMG_6338 (1)

2022 жылы жоғарыда аталған бағдарлама бойынша «Қазсушар» РМК-нан  «Казталов 1», «Казталов 2», «Мамай» су қоймаларын жөндеу жұмыстарына қаржы бөлінген болатын. Қазір «Казталов 1» су қоймасында су көтеруге арналған бұрандалы құрылғыларды жаңарту жұмыстары жүріп жатыр.

IMG_6335

-Бүгін «Казталов 1» су қоймасындағы су көтеруге арналған бұрандалы құрылғыларды, қақпалардың су ұстағыш резинкаларын жұмыстарын бітіреміз. Алдағы екі күнде «Казталов 2», «Мамай» су қоймаларында осы бағытта тиісті жұмыстарды атқарамыз. Осы мақсатта үш бірлік техника мен 10 адам жұмысқа тартылды.  Мемлекеттік бағдарлама аясында су қоймаларындағы тозығы жеткен бұрандалы көтергіштер, өзге де құрылғылар жаңасына ауыстырылады, - деді «Қазсушар» РМК Сарыөзен пайдалану учаскесінің бастығы Еркебұлан Ермұханов.

IMG_6350

Ғаділбек Әлібекұлы жаңа құрылғылардың сапасына мән беру керектігін ескертіп, мамандармен бірге ауданымыздағы су қоймалары мен лимандардың ағымдағы жай-күйін талқылады.

Асылбек Нәсіпқали,

Казталов ауданы

zhaikpess.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале