Бүгін Жаңақала ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы, азаматтық қорғау подполковнигі Темірлан Апакаев және ауданы әкімінің орынбасары Ерлан Қажиев су тасқыны қаупі бар елді мекендерді аралады.
Көрнекі фото
Мақсат БҚО әкімнің №170 өкімімен бекітілген «Батыс Қазақстан облысының 2024 жылғы су тасқыны кезеңіне кешенді жоспарының» орындалуын қадағалап, су тасқыны қаупі бар елді мекендерге қатысты тапсырмалар берді.
Сонымен қатар ҚР ТЖМ «Облыс халқы мен аумағын 2024 жылғы көктем кезеңіндегі тасқын судан қорғау жөніндегі шаралар туралы» № 454 бұйрығына сәйкес көшпелі кеңес ұйымдастырылды.
Аруғаным Берікқызы,
Жаңақала ауданы
zhaikpress.kz