Сырым ауданының актив жиынында аудан әкімі Төлеген Төреғалиев су тасқыны кезінде уақытпен санаспай жанын салып, белсенді жұмыс атқарып, тұрғындарға жедел көмек көрсеткен азаматтарды облыс әкімі Нариман Төреғалиевтің алғыс хатымен марапаттады.
«Су тасқынының салдарын жоюға және оған қарсы іс-шараларды өткізуге белсенді атсалысқаныңыз үшін алғысымды білдіремін. Өңірімізде орын алған төтенше жағдай кезінде өңір тұрғындарына қолын ұшын созып, әрдайым алдыңғы қатардан табылдыңыз. Мықты денсаулық, отбасыңызға ырыс-береке, ұзақ ғұмыр және қызметіңізге зор табыс тілеймін» делінген алғыс хатта.
Облыс әкімінің марапатын алған бүгінгінің батырлары қатарында Жымпиты ауылдық округі әкімінің орынбасары Жанболат Мұхамбетжанов, Жымпиты ауылдық округі әкімдігінің электригі Берік Жагиев, Жымпиты ауылдық округі әкімдігінің коменданты Гүлнар Шамарова, Сырым аудандық ауруханасының автокөлік жүргізушісі Алтынбек Бақтығалиев, Ж.Досмұхамедов атындағы орта мектеп-балабақша кешенінің мұғалімі Нұрдәулет Өтешов, «Сырым» МКК механизаторы Азамат Бақтығалиев, 14 ӨСБ бөлімше командирі, азаматтық қорғау старшиналары Ербол Кәкімғалиев пен Абзал Саматов, жеке кәсіпкер, тракторшы Берік Құбаев, «Ауыл» ШҚ тракторшысы Талғат Көптілеуов, «Сырым» МКК тракторшысы Нұрмұхамед Жұмағожиев, Жымпиты ауылының тұрғыны, зейнеткер Саламат Бердіғалиевтер бар.
Шынар Молданиязова,
Сырым ауданы
zhaikpress.kz