16.03.2023, 9:00
Оқылды: 11

Су тасқынын сейілтуде ауыл тұрғындары ауызбірлік танытуда

Казталов ауданында жүріп жатқан су тасқыны әлі де басылар емес. Қауіптің алдын алу шаралары жіті қадағаланып отыр.

IMG-20230315-WA0055

- Бүгінгі күні Жалпақталдың басында екі тиегіш трактор, бір бульдузер, бір трал, бір камаз, бір қайық таңертеңгі тоғыздан бастап кешкі күн батқанға дейін кезекшілікте тұр. Оның сыртында өрт сөндіру бөлімінен сегіз адам, Маңғыстаудан келген он бес адам, Жалпақтал ауылындағы мекеме-ұйымдардан қырық адам белсенді қызмет көрсетіп жатыр.

IMG-20230315-WA0056

Атап айтсақ, олар Саукенов көшесінің бойынан екі жерде топырақ салынған қапшықтармен дамбыларды көтеруде. Жұмысқа тартылған барлық адамдар ауызбірлік танытып, қажетті жұмысты уақытында жүзеге асырса, арнайы техникаларды меңгерген жүргізушілер де бір тыным таппай еңбек етуде. Осылайша ауыл тұрғындарының ауызбірлігі мен шынайы белсенділігінің арқасында көктемгі тасқын судан төнген қауіптің алдын алып отырмыз. Бұл жұмыс алда да қарқынды түрде жалғасады, - дейді су тасқынына қарсы аудандық жедел әрекет ету штабынан хабарласқан Айбар Серіков.

Қыдыр Харесұлы,

Казталов ауданы

zhaikpress.kz

IMG-20230315-WA0053IMG-20230315-WA0052

IMG-20230315-WA0050

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале