Теректі аудандық әкімдігінде көктемгі су тасқынының алдын алу және жою мақсатында жиын өтті. Аудан әкімі Тілек Габдушев төрағалық еткен басқосуға орынбасарлары— Амангелді Тоғызбаев, Ержан Досмақов, Дамир Ғұмаров, төтенше жағдайлар және өзге де бөлім басшылары, мекеме қызметкерлері мен онлайн түрде Ауыл әкімдері қатысты.
Күн тәртібіндегі мәселе — 2023 жылғы су тасқыны кезеңін қауіпсіз өткізу және ықтимал шығындарды азайту, төтенше жағдайлардың алдын алу және жою. Осы тақырып бойынша аудан әкімі аппаратының бас инспекторы Абзал Хами баяндады.
Теректі және Подстепный елді мекендерінен қар шығару жұмыстары басталды. Бүгінгі күнге 647 м3 қар шығарылды. Кезең аяғына дейін 2800 м3 қар шығару жоспарланды. Ауылдық округ әкімі аппараттарында 21 мотопомпа, 2370 метр өрт сөндіру жеңдері бар. Бұған қоса, аудандық резервте 3 мотопомпа, 1090 метр өрт сөндіру жеңдері сақталуда, — деп жұмыс барысымен таныстырды.
Одан бөлек Подстепный, Теректі, Шаған, Ақжайық, Новопавлов ауылдық округтерінің әкімдері де елдің жағдайын айтты.
Айта кетейік, егер су тасқыны қауіпін сезсеңіз, Теректі ауданы әкімдігі бойынша кезекші телефон номерлеріне қоңырау шалыңыз:
1) 8(71132)21385 жұмыс күндері сағат 18:30-дан 09:00-ге дейін, 13:00-тен 14:30-ға дейін. Демалыс күндері тәулік бойы.
2) 8(71132)21298 жұмыс күндері сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін.
3) ұялы телефон WhatsApp номерімен
8 771 164 2557 қоңыраулар қабылданады.
Балнұр Қанаева,
Теректі ауданы
zhaikpress.kz