15.03.2023, 0:56
Оқылды: 56

Су тасқынына орай Маңғыстаудан 15 адам көмекке келді

Ауданымыздың елді мекендерінің үстімен көктемгі тасқын судың өтуіне байланысты болжанған қауіптің алдын алу мақсатында Казталов ауданы, Жалпақтал ауылына, Маңғыстау облысының Төтенше жағдайлар департаментінің Өрт сөндіру және авариялық құтқару қызметінен 15 адам еріктілер құрамында көмекке келді.

Бұл туралы су тасқынына қарсы аудандық жедел әрекет ету штабы хабарлайды.

IMG-20230314-WA0202

IMG-20230314-WA0203

IMG-20230314-WA0205

IMG-20230314-WA0206

IMG-20230314-WA0207

-Бүгін (14 наурыз) Ресей аумағынан (жоғарыдан) келген көктемгі тасқын судың мол көлемі — Жалпақтал ауылына қауіп төндіргендіктен көршілес Маңғыстау облысынан өрт сөндіру және авариялық құтқару қызметінен 15 адам еріктілер құрамында көмекке келіп отыр. Олар Жалпақтал ауылындағы Саукенов көшесімен ұштасатын Қараөзен өзенінің отырып кеткен жағалауын биіктетіп, топырақпен толтырылған қапшықтарды төсеп, қолұшын беруде. Қазір тасқын судың өсу деңгейі 705 сантиметрді құрап отыр, - деп баяндайды Казталов ауданы төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы Ерген Тасқалиев.

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале