Сырым ауданында көктемгі су тасқынының алдын алу шаралары атқарылып жатыр.

Төтенше жағдай бөлімі мен №14 өрт сөндіру мекемесінің қызметкерлері кеше Өлеңті өзенін құрсаған мұздың үстін бұрғылап, 631 ойық жасады.

- Ойықтар су жүргенде қалың мұздың тез ыдырауына көмектеседі. Тасқын ауқымы жаймас үшін мұз кептелісін болдырмау маңызды, - дейді төтенше жағдайдар жөніндегі бөлімнің бас маманы, азаматтық қорғау капитаны Мирас Нариман.
Бұл шараның экологиялық мәні де бар. Су астындағы тіршілік иелеріне оттегі беру үшін кейде мұз ойылады.
Сондай-ақ өзен бетінде қамыстар шабылып жатыр. Бір күнде 40 шаршы метр жер өсімдіктерден тазартылды. Жұмыс күнделікті атқарылады.
Б. Шерім,
Сырым ауданы
zhaikpress.kz