13.02.2026, 20:00
Оқылды: 6

Су тасқынының алдын алу шаралары бақылауда

Аудан әкімінің орынбасары Дархан Абдрашитов Теректі ауылдық округінде көктемгі су тасқынының алдын алу бағытында атқарылып жатқан жұмыстармен танысты. Жұмыс сапарына Төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы Б.Катчеков, Теректі ауылдық округі әкімі А.Рспаев және төтенше жағдайлар бойынша Теректі ауданы әкімдігінің бас инспекторы А.Хами қатысты.

WhatsApp Image 2026-02-13 at 17.00.42 (1)

Жұмыс барысында қар шығару және арықтарды тазалау жұмыстары, сондай-ақ жаңа көпірдің жағдайы тексерілді. Сонымен қатар, Жағалау көшесі бойындағы жағдаймен танысып, тиісті тапсырмалар берілді.

WhatsApp Image 2026-02-13 at 17.00.42

Су өткізу арналары мен өткелдердің жағдайы қаралып, құм толтырылған қапшықтардың қоры және жалпы төтенше жағдайлардың алдын алуға бағытталған шаралар пысықталды. Аудан бойынша 6 695 қапшық қапталса, ауыл бойынша 3 250 қапшық дайындалды. Бүгінгі күнге дейін аудан бойынша 3150 текше метр, ал ауыл бойынша 1 650 текше метр қар шығарылды.

WhatsApp Image 2026-02-13 at 17.00.43 (1)

Аудан әкімінің орынбасары Дархан Абдрашитов тиісті сала басшылары мен ауылдық округ әкіміне дайындық деңгейін күшейтіп, алдын алу жұмыстарын жүйелі түрде жалғастыру қажеттігін атап өтті. Су тасқыны кезеңінде жедел әрекет ету мен халық қауіпсіздігін қамтамасыз ету басты назарда болатыны айтылды.

Әдемі Ғазизова
Теректі ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале