Батыс Қазақстан облысы аймағында төтенше жағдай жариялануына байланысты бүгін Жаңақала ауданының мәдени-демалыс орталығы, аудандық жастар ресурстық орталығы, аудандық орталықтандырылған кітапхана, балалар және жасөспірімдер спорт мектебі және «Жастар» спорт клубының ұжымдары бірлесіп, су тасқынының алдын алу жұмысына қатысу мақсатында Жаңажол ауылына аттанды.
Су тасқынының алдын алу жөніндегі штаб өкілдері барлық округтегі су деңгейін, келу қарқыны мен өтуін қатаң бақылдауда ұстап отыр. Қазіргі таңда аудан бойынша жағдай қалыпты деп саналып отыр. Ауыл тұрғындарынан қауіпсіздік шараларын қатаң ұстануларын және ресми ақпараттарға ғана назар аударуларын сұраймыз.
Ақерке Ғилымхан,
Жаңақала ауданы
zhaikpress.kz