Қиын сәтте қалыс қалмай Жаңақала ауданы орталығынан жол тартқан ұжым қызметкерлері жұдырықтай жұмылып, Жаңажол ауылына көмектесіп жатыр.
Сонымен қатар ел басына күн туған күнде ауыл тұрғындары мен шаруа қожалық басшылары да төбе көрсетіп, қолғабыс етуде.
Тосыннан тап беруі мүмкін су тасқынына қарсы жиылған халық құм толтырылған қаптарды қауіп төнген аймақтарға орналастырып, тілсіз жаудың алдын алуға қарқынды жұмыстанып жатыр.
Ақерке Мәлікқызы,
Жаңақала ауданы
zhaikpress.kz