23.07.2024, 18:20
Оқылды: 158

Суға кеткен жатақхананың орнына тұрғын үй кешені салынып жатыр

Тасқын кезінде суға кеткен Сырым ауданындағы ірі нысанның бірі – Өлеңті ауылындағы жатақхана.

IMG_3022

Ауылдағы білімнің шамшырағы болып маздап, 30 жыл бойы өзінің мәртебелі міндетін адал атқарған мектеп ғимараты кейін ауыл тұрғындарына жатақхана ретінде пайдалануға берілді. Сынып бөлмелері үй – жайға лайықталды. Шатыры ауыстырылып, орталықтандырылған жылу жүйесі орнатылды. 20 – ға жуық жанұя, соның ішінде көпбалалы отбасылар мекендеген жылы ұя көктемде тасқын судың ауызында қалды.

Мемлекеттің шұғыл қимылдауымен іле – шала Өлеңті ауылынан 30 пәтерлі жаңа жатақхананың құрылысы басталды.

Сырым аудандық сәулет, құрылыс және қала құрылысы бөлімінің басшысы Артур Искаковтың айтуынша жобаның құны 651 млн теңгені құрайды.

IMG_3025

Іргетасын дайындау жұмыстарының өзіне айдың үстінде уақыт кеткен. Себебі, құрылыс талабы күрделі.  Жер тезіден не белден емес, кісібойынан қазылып, түпкі нүктеден үйдің алғашқы кірпішіне дейінгі 2 метр биіктікті бойлай темір тоқылып, кейін бетон құйылуда. Қазіргі таңда нысанның қабырғалары қаланып жатыр.

Мердігер – «Профлайн» ЖШС.

Жаңа шаңырақты жатақхана дегеннен гөрі, тұрғын үй кешені деген дұрыс. Себебі – үйлердің ортақ дәлізі болмайды.  Әр пәтердің дербес есігі, ішінде асхана, жылу қазандығы мен жуыну бөлмесі және тұру алаңы бар. Бұйырса, 30 жанұяның жеке баспанам болса деген арманы орындалады.

Бауыржан Ширмединұлы,

Сырым ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале