28.03.2023, 1:48
Оқылды: 24

Сұлтан ІІ орын иеленді  

26 наурыз күні Алматы қаласында «Young Runner Half Marathon» атты марафон оздырылды. Желаяқтар 5, 10, 15, 21 шақырымда және жартылай марафонда өз бақтарын сынады. Айтулы халықаралық додада жерлесіміз Сұлтан Ахинбасов ауданымыздың ғана емес, облысымыздың, қазақ елінің намысын қорғады.

IMG-20230327-WA0040

Ресей, Қырғызстан, Өзбекстан, Украина сынды шет елден келген спортшылар қатысқан байрақты, халықаралық бәсекеде Сұлтан Ахинбасов 200-ден астам спортшымен сынға түсіп, 5 шақырым қашықтықты бағындырып, ІІ орынға ие болды. Қазіргі таңда Алматы қаласында құқық қорғау органы саласында білім алып жүрген жерлесіміз Сұлтан -  марафоншы Баубек Ілиясовтың шәкірті. «Сұлтан - бұдан бөлек, республикалық және халықаралық жарыстарда топ жарып жүрген, болашағынан зор үміт күттіретін спортшы», - деді Баубек Ілиясов.

Айта кетейік, жарыстың жүлде қоры 500 мың теңгені құрады.

 

Асылбек Нәсіпқали,

Казталов ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале