26.11.2022, 14:58
Оқылды: 30

Сұлулармен сырлас болған «Сырғалым»

Қыз бала қай халықта болмасын әдемілік пен әдептіліктің, сұлулық пен іңкәрліктің бейнесі болып табылады.  Халқымыз «қыз қонақ» деп, төрінен орын беріп, оны алтынның сынығына балап өсірген. Қыз тәрбиесіне бүкіл ауыл, ел жауапты болған.

2019 жылы Дариян ауылдық, Дариян модельді ауылдық балалар  және Озерное ауылдық кітапханалары жанынан құрылған «Сырғалым» қыз-келіншектер клубы да осы бағыттарда жұмысын жүргізіп келеді.

ка

Клубтың құрамындағы қыз-келіншектерге  WhatsApp мессенджерінде аранайы чат құрылып, оларға электронды кітаптар ұсынылып, түрлі ғибыратты әңгімелер жіберіледі. Осыған орай Дариян ауылдық округі кітапханашыларының ұйымдастыруымен қолөнер шебері Әлия Исқазиевамен оқырмандар онлайн форматында кездесіп, себет тоқуы жөнінде және де қонақ көрпе тігу жайында шеберлік класс болды. Одан соң клубтың белді мүшесі, ауылымыздың қолөнер шебері Эльвира Мухамбетова қолдан гүлді шаш қыстырғыштар (заколка) жасау бойынша шеберлік сағатын өткізді.  Сондай-ақ жас келін, жаз биснесмен Анастасия Сарбалакова және жас кәсіпкер Данагүл Ишмұхамбетова, тілші, ақын, қолөнер шебері, фарфор бұйымдарын жасайтын Ольга Чекановамен де кездесу кештері ұйымдастырды.

 

Динара Дауымова,

Дариян ауылы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале