18.04.2022, 11:45
Оқылды: 32

Сұлужан – республикалық байқаудың жеңімпазы

Жуырда Орал қаласындағы мәдени-демалыс орталығында «Бақытты елдің ұрпағы» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен республикалық «Дала сазы» байқауы өтті. Осы байқауда өз өнерімен қазылар алқасын тәнті еткен жерлесіміз Сұлужан Задыгер ІІ орынға ие болды.

55

С.Задыгер Шыңғырлау орта жалпы білім беретін мектебінің 8-сынып оқушысы. Мектепті үздік оқуымен қатар ауданда өткен мерекелік шараларға белсенді қатысып жүретін Служанның өнерге құлшынысын байқаған ата-анасы оны аудандық балалар саз мектебіне оқуға береді. Бүгінде домбыра класының 3-сыныбында  оқитын ол түрлі аудандық, облыстық, республикалық байқаулардың жеңімпазы.

«Байқаудан  ерекше әсер алып қайттым. 150-ге жуық жас таланттар қатысқан додада 30 термешінің ішінен ІІ орын алуым мен үшін үлкен жетістік. Бұған дейін  2020 жылы «Атадан мұра» қорының ұйымдастырған байқауында дәстүрлі ән жанры бойынша бас жүлдені иеленген болатынмын. Өнер маған нағашыларымнан тараса керек. Анам Оразгүлдің домбырамен ән айтқанын тыңдап өстім. Содан да болар, бала кезден домбыраға әуес болдым, ұзақ жырларды жатқа айтатынмын. Балалар саз мектебіне келген соң жетекшім Аманғали Сатпанов термелер үйретіп, байқауларға қатыстыра бастады. Келешекте жерлес әнші апамыз Қалампыр Рахимова секілді әнші болсам деп армандаймын», – дейді Сұлужан.

Талаптыға нұр жауар деген, жас өнерпазға өнер жолында қанатың талмай, биіктен көріне бер демекпіз.

                                                                                                     Б.Баймағамбетова,

Шыңғырлау ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале