17.05.2023, 17:01
Оқылды: 20

Сулыкөлде 48 шаруа қожалығы бар

Қаратөбе ауданының әкімі Қадыржан Сүйеуғалиев Сулыкөл ауылдық округінде болып, ауыл тұрғындарымен жүздесті.
IMG_3074
Округ әкімі Бағдат Зайнуллиннің айтуынша, Сулыкөлде 48 шаруа қожалығы бар. Алақандай ауылда елуге тарта еңбек құрылымының болуы - тұрғындардың атакәсіпке ширақтығын білдіреді. Кәсібі ширақ елдің нәсібі мол болатыны да белгілі.​
IMG_3073
– Жеке аулалардағы және шаруашылықтар иелігіндегі мал басы жыл санап өсіп келеді. Оларды тұқымды түрлендіру жұмыстары да сапалы атқарылуда. Аналық ірі қара мал басының селекциялық және асылдандыру шығындарының құнын арзандату үшін берілетін субсидияны 2022 жылы 25 шаруа қожалығы алды. Малдан тапқан инвестиция көлемі 36 189 000 теңген, - деді ауыл әкімі.​
Өсімдік шаруашылығы бойынша өткен жылы шаруа қожалықтары және жеке тұлғалар барлығы 22 га бау-бақша, көкөніс егіп, 3782,9 центнер өнім алды. Биыл да бақша үшін 24 га алқап дайын.
Жиын барысында ауыл түрғындары атынан сөз сөйлеген Нұрлан Тұяқов, Бітімәлі Құрманалиев ауылға жедел жәрдем көлігі қажеттігін, су мұнарасын жөндеу секілді мәселелерді көтерді. Қойылған сауалдарға тиісінше жауап берілді.
Тұрғындармен кездесуден соң аудан басшысы Қадыржан Сүйеуғалиев дербес бөлім басшыларымен бірге ауыл тұрғындарын жеке мәселелері бойынша қабылдады.
​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ Серікбай Жәлелұлы,​
Қаратөбе ауданы
zhaikpress.kz
Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале