19.09.2018, 15:00
Оқылды: 53

Сулыкөлде ірі қара саны азайған

Қаратөбе ауданы әкімі Жанат Асантаев Сулыкөл ауылдық округінде болып, тұрғындармен жүздесті.

IMG_4771

         Округ орталығындағы Қалдығайты мектебінің жұмысымен танысып, мектеп ауласында жұмысы жаңа басталып жатқан спорт алаңын салып жатқан құрылысшылармен кездесті.

         Аудан әкімі ең әуелі Сулыкөл ауылдық округінің әкімі Берікқали Мусаның сегіз айда атқарған жұмысын тыңдады.

         Округ әкімі Берікқали Мусаның айтуынша, Сулыкөл ауылдық округінде ірі-қара малы өткен жылғы деңгейден 5,7 пайызға, қой-ешкі 0,9 пайызға кеміген. Мал басы санының төмендеуін бруцеллез ауруының кері әсерінің салдарынан деп түсіндірді. 275 ірі-қара, 8 ұсақ малдың бруцеллезбен ауырғаны анықталып, арнайы мал сою алаңдарында сойылып, 91 аула аурудың алдын алу мақсатында залалсыздандарылған. Ал жылқы малының саны айтарлықтай артқан.

         Мал азығын дайындау бойынша жоспарланған 9000 тонна мал азығының 7600 тоннасы дайындалып, 84 пайызға орындалып отыр. Өткен жылдан 780 тонна шөп қалған. Шөп дайындау жұмыстары әлі жалғасуда. Бау-бақша салумен айналысып жүрген «Әділғазы», «Мұрагер», «Дана» шаруа қожалықтары 11,7 гектар жерге бау-бақша, 6 гектар жерге көкөніс ексе, ауыл тұрғындары үйлерінің айналасына, өзен жағалауларына 3 гектар, округ бойынша барлығы 20,7 гектар жерге бау-бақша, көкөніс егіп, халық пайдасын көруде.

         «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған» бағдарламасының бірінші бағыты  бойынша сұранысқа ие мамандық бойынша 6 адам оқып, жыл басынан бері қоғамдық жұмысқа 19 адам тартылған.

Ерболат РАЙСОВ,

Қаратөбе ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале