22.06.2020, 11:31
Оқылды: 109

Сулыкөлдік түлектер ауылға  «Воркаут» жаттығу жабдықтарын қондырып берді

 Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының «Туған жер» жобасы аясында Қаратөбе ауданы Сулыкөл ауылдық округі Сулыкөл ауылының 2000 жылғы түлектерінің ұйымдастыруымен «Воркаут» жаттығу жабдықтарын қондырып берді.  

EA704520-4780-4EAA-B65D-A46F2790F071

Жоба құны 1 520 000 теңгені құрайтын игілікті іске ұйытқы болған - ауылдың 1983 жылғы азаматтары мен азаматшалары.

65D6261E-6169-4F40-9604-B198B1A59F1D

Аталмыш шараның ашылу салтанатында облыс әкімі Ғали Есқалиев қатысып, туған жерге тарту жасаған түлектерге алғысын білдірді.

69593C33-BB3C-4CF3-A1A1-780B07D5C4E9

-«Воркаут» жаттығу жабдықтарын қондыру - ауыл азаматтарының елге деген сүйіспеншілігінен туған дүние. Бүлдіршіндеріміз бос уақытын спортпен шұғылданумен өткізіп, өз физикалық қабілеттерін дамыта алатын болады. Ауылдағы спорттың деңгейін көтеру үшін балалаларды спортқа баулу,  салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында әлі де тың жобалар ұйымдастырылады, - дейді округ әкімі Берікқали Мұса.

 Маралбек Амантаев,

Қаратөбе ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале