14.03.2024, 9:30
Оқылды: 49

Светлана Жақыпова: «Біздің мақсатымыз – ауылдағы бизнестің дамуына жағдай жасап беру»

ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова кешегі облысымызға сапар аясында Ақжайық ауданы орталығына келді.

светлана (4)

Алдымен ол аудандық мәдени-демалыс орталығында болып, осында мемлекеттік грант иегерлерінің көрмесін тамашалады. Мұнда Ақжайық, Жаңақала, Қазталов, Тасқала, Бәйтерек аудандарының кәсіп иелері өз бизнесін таныстырды. Қыз жасауы, жүннен жасалған бұйымдар, кондитерлік өнімдер, шұжық өнімдері, өзге де кәсіп түрлерін бастаған жандардың қызметіне министр сәттілік тіледі.

Кәсіпкерлермен сұхбаттасқан Светлана Қабыкенқызы қай салада сапаға мән беру керектігін қаперледі.

99eda27d-162a-42ab-9c9b-4ae2f41a7fd5

– Біздің мақсатымыз – ауылдағы бизнестің дамуына жағдай жасап беру. Сондықтан жаңа бизнес-идеяларды қаржыландыру басты назарда. Қомақты қаржы қарастырылған жобаны ұтып алу бір бөлек, жасалған істің игілігін көретін халықтың көңілінен шығатындай етіп іске асырған абзал. Шағын ауылдарда сіздер секілді іскер жандар көбейсе, құба-құп, – деді ол.

Осыдан соң Светлана Қабыкенқызы арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығында болып, қызмет алушыларға жасалған жағдаймен егжей-тегжейлі танысты. 2016 жылы ашылған орталықта жасы 18-ден асқан 55 пациент тұрады. Оларға 8 түрлі әлеуметтік қызмет көрсетіліп жатыр. Мекеменің жұмысына қаныққан министр осындай орында тұратын мүмкіндігі шектеулі жандарды мәдени-әлеуметтік тірлікке ортақтастыру, еңбек терапиясы, эстетикалық тұрғыда дамуына елімізде басымдық берілгенін атап өтті.

 

Әлия Шарапиева,

Ақжайық ауданы

zhaikpress.kz

89ca9649-142c-4e95-a88d-d9a6f715fb71 95144af6-86e8-49e9-a2ea-6bcb41b5c995 cbd3a3d9-bcf9-4651-a087-fcf77c10f8fa светлана (1) светлана (2) светлана (3) светлана (5)

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале