31.10.2023, 18:50
Оқылды: 42

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы өткізілген жиын өтті

Бүгін Жаңақала аудандық аурухана қызметкерлеріне сыбайлас жемкорлыққа қарсы арнайы жиын ұйымдастырылды.

IMG-20231031-WA0103

Шара барысында заңгер А.Есімов сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейту және оны болдырмаудың қазіргі заманғы әдістерін қолдану мәселелері, оның ішінде корпоративтік сектор үшін де міндет екендігін атап өтті.

- Бүгінгі таңда әлемде корпоративтік парасаттылықты қамтамасыз етудің негізгі құралы комплаенстің тәуелсіз қызметтерінің тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау шеңберіндегі тиімді қызметі болып табылады. Комплаенс мамандарының негізгі міндеттерінің бірі – құқық бұзушылықтардың алдын алу және ұйымның іскерлік беделін қорғау болып табылады, - деді.

IMG-20231031-WA0102

Кездесу қорытындысы бойынша сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендетуге және корпоративтік парасаттылықты нығайтуға бағытталған барлық ұсыныстарды Жаңақала аудандық ауруханасы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметін толық қолдайтыны атап өтілді.

Айзада Ақбасова,

Жаңақала ауданы 

zhaikpress.kz 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале