13.09.2023, 11:45
Оқылды: 55

Сыбайластыққа қарсымыз – Әлия Мұханбетжанова

Сыбайлас жемқорлық – бүгінгі күннің күрделі мәселесінің бірі. Үлкен әлеуметтік қасірет аталатын ол – саяси даму тұрғысынан бір-біріне ұқсамайтын әлемдегі барлық елдердің қай-қайсысын да қатты алаңдататыны анық.

ЖП сыбайлас

Сыбайлас жемқорлықтың үлкен кемшілігі – ол мемлекеттің экономикасына зиян тигізіп, елдің және оның әрбір азаматының жалпы әл-ауқатын төмендетеді. Оған қоса, мұның бәрі халықтың үкіметке сенімін жоғалтуына соқтыруы ықтимал. Барлық мемлекеттер мен халықтарға тән және терең ғасырлық тамыры бар жемқорлықпен күрес қоғамдық жұмылуды қажет етеді.

Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңына сәйкес, сыбайлас жемқорлықпен күресті барлық мемлекеттік органдар мен онда қызмет атқаратын лауазымды тұлғалар жүргізуі тиіс. Әр қызметкер адалдық, әділеттілік, берілген тапсырмаға бағыну, кез келген құқық бұзушылыққа қатысты ауытқушылық, проблемаларды шеше білу, адам құқықтарын қорғау, мемлекет пен қоғам мүдделері сияқты моральдық және психологиялық қасиеттерді қалыптастыруға ерекше назар аударуы керек.

Осы орайда, біздің тарапымыздан аудан әкімдігінің terekta-bko.gov.kz ресми сайтында сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет туралы арнайы тарау бар. Бұнда 22 бейнеролик, 18 ақпараттық мәліметтер, 24 аудиоролик жүктелген.

Тұрғындар ресми сайтта орнатылған сыбайлас жемқорлыққа қарсы сауалнамадан өтіп, өз пікірлерін қалдыра алады. Жариялылық және халықпен кері байланыс жүргізу үшін ауылдық округтер мен бөлімдер әлеуметтік желілерде өз парақшаларын жүргізіп, сұрақ-ұсыныстарға жауап беріледі. Барлық мемлекеттік мекеме бюджеттері (сайттарында) интернет – ресурстарына орналастырылады. Мемлекеттік сатып алулардың барлығы goszakup.gov.kz сайтында жарияланады.

Сонымен қатар ондағы тіркелген әрбір өнім жеткізуші еркін түрде конкурсқа қатыса алады. Жер қатынастары бөлімі бос және пайдаланылмай тұрған жерлер туралы ақпаратты zem.kz сайтына шығарады.

Атқарылып жатқан жұмыстарға қарамастан, жемқорлыққа қатысты бұзушылықтардың орын алып жатқаны рас. Алайда, ауданымызда сыбайлас жемқорлықты болдырмау, келеңсіз істің алдын алу жұмыстары жалғасын табады.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале